Танымал продюсер Алуа Қонарова қазақстандықтарға үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, кейінгі жылдары өз еліне көңілі толмайтын адамдар көбейіп барады.
"Үнемі ештеңеге көңілі толмайтын, ешқашан жақсылықты көре алмайтын қазақстандықтарға үндеу жасағым келеді. Екі жылға елден кетіп қалыңыздаршы, бірақ бір тиынсыз кету керек. Сол барған еліңізде жұмыс істеп, шетел тілін оқып, үй іздеп көріңіз. Бір сөзбен айтқанда, басқа елде өмір сүріп көріңіз. Жаныңызда өңкей бөтен адамдар, қолдайтын ешкім жоқ елде өмір сүріп көріңіз. Сосын екі жылдан кейін Қазақстанға келіп, салыстырып көруге болады. Бұл өмірде барлық нәрсенің тура бағасы салыстыру арқылы табылады. Біздің елімізде қандай жағдай болып жатса да, Қазақстанда барлығы керемет. Менің сөзіме сеніңіздер", - дейді продюсер.