Экологиялық жағынан таза жүккөлігінің концептісімен таныс болыңыз...

Технология саласында өнертабыстар ең көп тіркелетін «күншығыс елі» Жапонияда кезекті бір қызықты жобаның тұсауы кесілді. Daihatsu компаниясы Токио қаласында өткен автосалонда экологиялық жағынан 100 % таза мини-жүккөлігінің концептісін көпшілік назарына ұсынды. Бұл концептінің өзгелерден айырмашылығы – ол өз жұмысы үшін аса қымбат саналатын платина элементін қолданбайды. Аккумулятордағы платиналық электродтардың орнына салыстырмалы түрде арзан кобальт пен никель металлдары пайдаланылады.  

Одан бөлек, жаңа жанармай элементінде сутегінің орны гидразин-гидратпен алмастырылған. Көлік кабинасына жалпы саны екі адам сыйады. Модельдің өлшемдері 3395х1475х1985 мм болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/YD95XsBLHx4","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vk.com