Технология саласында өнертабыстар ең көп тіркелетін «күншығыс елі» Жапонияда кезекті бір қызықты жобаның тұсауы кесілді. Daihatsu компаниясы Токио қаласында өткен автосалонда экологиялық жағынан 100 % таза мини-жүккөлігінің концептісін көпшілік назарына ұсынды. Бұл концептінің өзгелерден айырмашылығы – ол өз жұмысы үшін аса қымбат саналатын платина элементін қолданбайды. Аккумулятордағы платиналық электродтардың орнына салыстырмалы түрде арзан кобальт пен никель металлдары пайдаланылады.


Одан бөлек, жаңа жанармай элементінде сутегінің орны гидразин-гидратпен алмастырылған. Көлік кабинасына жалпы саны екі адам сыйады. Модельдің өлшемдері 3395х1475х1985 мм болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: vk.com
Б. Қосмағамбет