"Digital Kazakhstan" жобасы аясында елімізде сандық технологияларды дамыту жобалары қарқын алып жатыр. Солардың бірі – «Е-шаңырақ» жобасы.
Қазақстан дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, еліміздегі барлық пәтер иелерінің кооперативін (ПИК) бір орталыққа топтастыру жобасын жүзеге асыра бастады. Барлығына ортақ веб-платформа "Е-шаңырақ" деп аталады.
Ресми ақпаратқа орай, электронды қызмет түрінің пилоттық нұсқасы 2017 жылдың соңында сынақтан өтеді. Бұл жоба пәтер иелерінің коммуналдық шығындарын бір орталықтан басқарып, барынша ашық экономика саясатын жасау мақсатында жасалып отыр.
Сонымен қатар, электронды портал жүйесі арқылы ПИК мүшелеріне ортақ капиталды жұмсау және аймақтық жетекшілерді тағайындау мәселелерін әділ ұйымдастыру үдерісі де жасалады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, электронды платформасы іске қосылғаннан кейін ПИК қызметіндегі мәселелер толығымен шешіледі.