Дубай полициясы жақында патрульдік полиция автотұрағы қатарына қосылатын шағын Renault Twizy электромобилін сынауды бастады. Бұл жөнінде мекеменің ресми твиттерінде хабарланды.
Францияда Twizy көлігі екі модификацияда ұсынылады – 5 және 17 күштік қозғалтқышты. Бірінші қозғалтқышпен максималды жылдамдық сағатына 45 шақырым болса, екіншісінікі – 80км/сағ-ты құрайды. Шағын көліктің жүру қоры 100 шақырымға жетеді екен. Ал батареясын қуаттауға 4 сағат уақыт жұмсалады.
Модельдің базалық нұсқасы 6 990 евро тұрады, ал қуаты молығырағының құны - 7 мың 690 евро. Сонымен қатар, егер аталған көлікті сатып алған жағдайда әр ай сайын аккумулятордың жал ақысын төлеп тұру қажет. Ол – 50 евро.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Дубай полициясының автотұрағы төрт есікті BMW M6 Gran Coupe, Roush тюнинг-ательесінде одан сайын жетілдірілген Ford Mustang купесі, Bugatti Veyron сондай-ақ, Aston Martin One-77, Mercedes-Benz SLS AMG, Bentley Continental GT, Chevrolet Camaro, Lamborghini Aventador және де Ferrari FF секілді суперкарлармен толыққан еді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: motor.ru, facebook.com