Дубай полициясы тағы бір көлікпен толықты (видео)

Дубай полициясы да студенттер секілді өз жұмыс орындарына қымбат көліктермен қатынай алады...

Бұл елдің құқық қорғау органының автотұрағы көз сүріндіретіні соншалықты, көшеден кетіп бара жатқан жаяу жүргінші өзі қолға түсіп, өзі құрықталғысы келіп тұрады екен. Азаматтардың кейбірі жалма-жан суретке түсіруге тырысатын көрінеді...

Жуырда Дубай полициясы құны 280 мың доллар тұратын McLaren MP4-12C автокөлігін сатып алды. Планетадағы ең қымбат полиция көліктерінің қатары тағы бір автокөлікпен толықты - Ламборджини, Астон Мартин, Бентли, Феррари, Шевроле көліктері сағатына 190 мильді артта қалдыратын "арғымақтар" саналады.

Мәліметтерге сүйенсек, әрбір 26  сағат сайын Дубайда жол жүру ережесін сақтамағандықтан, бір кісі қазақ тауып тұрады екен. Оған себеп: адамдардың жылдамдықты жоғары көтеруі, мобильді телефонмен сөйлесуі, және де қауіпсіздік белбеуін тақпауы.

Аталған елдің өкімет басшылығы көшелерде тәртіп орнатуға жоғары жылдамдықтағы көліктерді сатып алу қажеттігін ескеріп, бірнеше жылдың жүзінде Дубай автотұрағын толықтыруға кіріскен.

Автотұрақтың тағы бір көркі - Lamborghini Aventador суперкары 6,5 көлемді V12 қозғалтқышпен қамтылған. 700 ат күші бар авто 2,9 секундта 100 шақырым жылдамдыққа дейін жетсе, ал үлкен жолда сағатына 350 шақырым жолды жүріп өтеді. Бағасы - 350 мың доллар.

Дегенмен, мамандар мұндай спорткарлардың полицей үшін ыңғайсыз тұстары да болуын жоққа шығармайды. Құқық бұзушыға жетіп алса да, оның 100 шақырымдық жолда 17,2 литр бензин жағатынын ескере отырып, олар шығын сомасы да геометриялық прогрессиямен өсетінін айтады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/pi_gdC8e1pk","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: autosvit.net