Дубай полицейлері Lamborghini Aventador атты темір тұлпар мінетін болды, деп хабарлайды Speeed.com.
Құқық қорғау органының қызметкерлері итальяндық арнайы суперкар айдайтын болды. Көліктің түсі жергілікті полицей түсімен сәйкес. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі үлкен қаланың билігі мұндай әдіс арқылы жолдағы қауіпсіздікті сақтағысы келеді екен. Себебі соңғы уақытта мұнай өндіру компанияларының басшылары немесе олардың балалары қымбат спорткарлармен жүріп, жол ережесін жиі бұзатынды шығарған.
Lamborghini Aventador суперкары 6,5 көлемді V12 қозғалтқышпен қамтылған. 700 ат күші бар авто 2,9 секундта 100 шақырым жылдамдыққа дейін жетсе, ал үлкен жолда сағатына 350 шақырым жолды жүріп өтеді екен. Ал бағасы 350 мың доллар!
Бірақ мамандар мұндай спорткарлардың полицей үшін ыңғайсыз тұстары да болуы мүмкін дейді. Құқық бұзушыға жетіп алса да, оның 100 шақырымдық жолда 17,2 литр бензин жағатынын ескерсек, шығын сомасы да геометриялық прогрессиямен өсуі ғажап емес. Десек те, БАӘ әлемге мұнайымен танылған ел десек, бұл ауыр мәселеге айналмасы анық.
Айтпақшы, арнайы спорткарды жүргізу үшін Дубай полицейлері жүргізу курстарынан өте ме, жоқ па, ол жағы белгісіз қалып отыр.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: auto.onliner.by