Доллар бағамы 442 теңгеден асты

Доллардың теңгеге қатысты бағамы өсті, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,59 теңгеге көтеріліп, 442,17 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, доллардың 16 маусымдағы ресми бағамы 438,43 теңгеге айналды. 

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 440,98 теңге, сатылым - 445,69 теңге. Нұр-Сұлтанда долларды орташа есеппен 442,86 теңгеден сатып алады, 445,53 теңгеден сатады.