Дизайнер "Smart" электромобиліне қанат жалғады

Дизайнер "Smart" электромобиліне қанат жалғады

“Smart” неміс компаниясы әйгілі дизайнер Джереми Скоттың тікелей көмегімен өз спорткарларына аздаған өзгеріс енгізді. Электромобильдің сыртқы түрін өзгертуге автопромның тарихында тұңғыш рет тігін өнерінің майталманы шақыртылып отыр.

Джереми Скоттың есімі аяқ-киім үлгілері мен көзілдіріктерге қанат қосу секілді істерде кеңінен танымал. Сондықтан да болар, электромобильдің артқы бөлігіне бұл жолы да қанат қоюды қолайлы көріпті.

"Мен үшін қанатшалар еркіндік пен салмақсыздық сезімінің символы іспетті. Сол үшін де болар, аталған элемент "Smart" электрокарына тазалық пен жинақтық ұғымдарын қосып тұратындай", - дейді Скотт.

 

сурет:drunov.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига