- Негізгі бет
- Шолу
- Деммен жұмыс жасайтын...
Деммен жұмыс жасайтын "тышқан"
Компьютерлік "тышқандар" әлемінде тағы бір жаңалық: жапондық ғалымдар демнің көмегімен басқарылатын манипулятор ойлап шығарды.
"Тышқанның" бұл жолғы түрі адамның дем-тынысын саралай отырып, дисплейдегі курсормен жұмыс істеуге жол ашады. Басты өлшемдері - демнің ұзақтығы мен күш-қуаты, дем шығару мен дем алудың мөлшері.
Дем алу компьютер алдындағы арнаулы түтіктің көмегімен жүзеге аспақ. Онысы қолдың көмегімен атқарылады.
Жаңа өнертабыс көпшілік қолданушыларға қажет болмауы да мүмкін, бірақ физикалық мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютер алдында жұмыс істеуге өте-мөте қолайлы болып шыққан.
Ертеректе жапон өнертапқыштары компьютер манипуляторы ретінде үй өсімдіктерін де қолданып көрген болатын. Бір айта кетерлігі, аталған зерттеу ісі сәтті аяқталып, әртүрлі байланысты анықтауға мүмкіндік берген еді...
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: radiuscity.ru
Л. Лига