Бельгия мен Нидерландының бір топ медиктері Xilloc компаниясымен бірлесе отырып, 3D-принтер арқылы адамның жағы имплантатын жасап шықты.
Қолдан жасалған жақ сүйегі 83 жасқа келген әйелге орнатылды. Денсаулығына қатты зақым келген кісіні емдеп, қалыпты өмірге әкелу үшін ұзақ операция керек болды.
Дегенмен оның ағзасының ұзаққа созылатын бұндай операцияны көтере алуы екіталай еді. Осыны ескеріп медиктер ол кісінің жағын имплантатпен ауыстыруды шешіпті.
Жақ сүйегі лазерлік ою техникасы арқылы 3D-принтерде жасалды. Шиіказат ретінде титан ұнтағы пайдалынылған екен. Xilloc компаниясының баспасөз қызметінің айтуынша, науқас келесі күні-ақ еркін ішіп-жеп кеткен екен.
Дәл мұндай имплантанттарды бұрынырық та ғалымдар жасап, пайдаланып келген. Бірақ бұл істе дәл осы 3D-принтер алғаш рет пайдаланылып отыр.
Айта кетелік, осыған дейін оқырмандарымызға америкалық ғалымдардың өнертабысын таныстырған болатынбыз. Естеріңізде болса, биолог мамандардың 2011 жылы адам ағасының мүшелерін басып шығаратын 3D-принтер ойлап тапқандығын айтып өткен едік.
сурет: raznesi.info