Жақында Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан Чили мемлекетінде әлемдегі ең үлкен ALMA радиотелескобы пайдалануға берілді. Кешен елдің биік таулы аймағында орналасқан Атакама шөлінде бой көтерді.
ALMA радиотелескоп кешені ғарыш объектілерінен келген радиосигналдарды қабылдайтын құрылғы болып табылады. Кешен барлық саны 66 антеннадан тұратын құрылғылардың жинағы.
Ғалымдардың сөзінше, аталған нысанның негізгі мақсаты - ғарыш кеңістігінде болып жатқан құбылыстарды терең зерттеп, оларға үлкен дәлдікпен ғылыми талдау жасау.
Жалпы телескопиялық кешеннің құрылысына он жылдан астам уақыт кеткен екен. Ал жобаның жалпы құны 1,3 миллиард долларды құраған. Нысанның құрылысын салуға Еуропа мемлекеттері мен АҚШ, Канада, Жапония және Чили елдері қатысқан болатын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: rg.ru