Федералды ғарыш агенттігі үстіміздегі сәуір айында Байқоңыр айлағынан 3 ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, «Аник-Ж1» телекоммуникациялық ғарыш аппараты, ғарыш биологиясынан фундаметалды зерттеулер жүргізуге арналған «Бион - М» ғылыми ғарыш аппарты, сонымен, қатар, Халықаралық Ғарыш станциясының жұмысын бірқалыпта ұстап тұру үшін ұшырылатын «Прогресс М-19М» кемесі.
Естеріңізге сала кетелік, 29 наурыз күні Астана уақытымен 02:43-те Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық Ғарыш станциясына қарай бортында «Союз ТМА-08М» кемесі бар «Союз-ФГ» ракетасы ұшырылған болатын.
Бұдан бұрын, 27 наурыз күні, Астана уақытымен саған 01:06-да Байқоңыр ғарыш айлағынан «Бриз-М» екпіндеткіш блогымен жұмыс істейтін «Протон-М» зымыран тасығышы ұшып, орбитаға «СатМекс-8» ғарыш аппаратын шығарды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: yvision.kz