- Негізгі бет
- Шолу
- Бүгін Байқоңырдан "Прогресс...
Бүгін Байқоңырдан "Прогресс М-19М" кемесі ұшты
Бүгін Астана уақытымен 16.12-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-У» зымыран тасығышы ғарышқа «Прогресс М-19М» транспорттық жүк кемесін ұшырып әкетті. Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлады.
Ұшу циклограммасындағы ақпарат бойынша, ғарыш кемесі діттеген орбитасына жетті.
«Прогресс М-19М» кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 26 сәуір күні түйіседі деп күтілуде.
Айта кетелік, жүк кемесінің бортында 2,5 тонна жүк бар – ғылыми құрылғылар, жағармай, ХҒС-дағы ғарышкерлерге арналған азық-түліктер, ауа, және су.
Қазіргі кезде Халықаралық ғарыш станциясында 35/36 және 34/35 экипажы жұмыс істеп жатыр: командир Крис Хадфилд (Канада ғарыш агенттігі), бортинженер Роман Романенко (Роскосмос), Павел Виноградов (Роскосмос), Александр Мисуркин (Роскосмос), Томас Машберн (НАСА), Кристофер Кэссиди (НАСА).
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін 29 наурыз күні Халықаралық Ғарыш станциясына қарай «Союз ТМА-08М» кемесімен 35/36 экипажы аттанғандығын айтқан болатын. Сапардың 168 тәулікке созылатындығы да айтылған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: gazeta.ru