Оксфорд университетінің мамандары жүргізушісіз, өздігінен басқарылатын көлік технологиясын жасап шығарды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - кедергілерді табудағы ең арзан жүйені жасап шығару болған.
Инженерлердің осы саладағы ізденістері тұңғыш рет Nissan Leaf элетромобилінде жүзеге асты. Мамандар жасап шығарған навигациялық жүйесінің қазіргі бағасы 5 мың фунт стерлингті құрайды. Ол жүйеде бірнеше бейнекамера мен лазерлер қызметі пайдаланылған. Жүйені құрастырушы мамандар болашақта оның бағасын 100 фунтқа дейін арзандатуды жоспарлап отырған көрінеді.
Жүйе құрал-сайман панелінде орналасқан iPad арқылы басқарылады. Технология планшет бетін саусақпен бір рет қана басу арқылы көлікті автоматты режимге алмастыруға мүмкіндік береді. Және керісінше, көлікті өз бақылауыңызға кез-келген уақытта тежегішті басу арқылы алуыңызға болады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/cbjhIB_T9jg","width":"450","height":"314"});
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zn.ua