Швейцариялық Luxury Refinish компаниясы Bentley Continental GTC 32 көлігінің капотын 101 каратты бриллиант ұнтақтары араласқан ақ бояумен бояп шықты. Бұл детальдің бағасы шамамен 212 мың еуроны құрайды.
Мотор.ру сайтының хабарлауынша, жалғыз ғана экземплярда дайындалған бұл көлік Дубай қаласында 2 миллион дирхамға (425 мың еуро) сатылып тұр. Сатып алушы көлікпен қоса, көлікті әсемдеуге қолданылған тастардың шынымен бағалы екендігін дәлелдейтін сертификатқа ие болады.
Luxury Refinish компаниясының өкілдерінің айтуынша, боуядың бірнеше қабатты болуы көлікті кез келген уақытта ойланбай жүргізе беруге мүмкіндік береді. Тіпті көлік жуу салондарына да қорықпай кіруге болады. Авторлардың айтуынша, компания тапсырыс түскен жағдайда көліктің кез келген бөлігін дәл осылай көркемдеу жұмыстарын орындап беруге әзір.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/yAPiknc6hIM","width":"450","height":"240"});
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: forums.goha.ru, auto.bigmir.net