"Шифтуир" (Shiftwear) біздің қоғамға болашақтың аяқ киімін әкелуге уәде береді. Ол болашақтың аяқ киімі саналатын өзгермелі аяқ киім ойлап тапты. Тұтынушы смартфонмен бірнеше қимыл іс-әрекет арқылы аяқ киімінің түрі мен түсін оп-оңай өзгерте алады. HD eInk қуаттағыш аяқ киімі алдағы уақытта өз иесін әдемі анимациялық дизайнімен қуантпақ.
Видеодағы аяқ киімнің концептін жасау үшін өндірушілерге 2 миллион АҚШ доллары қажет. Оның жай ғана прототипіне 25 000 АҚШ доллары жұмсалған. Өзгермелі аяқ киім толығымен өздігінен қуатталатын, 100% суға төзімді және оның 3 түрі болады екен. Егер өндірушілердің жұмысы өнетін болса, онда 2016 жылдың екінші жартысына қарай сіз осы аяқ киімді дүкен сөрелерінен көретініңізге сенімді бола беріңіз.