Фантастикалық фильмдерден ұшатын, жүзетін, тіпті сөйлейтін автокөліктерді көре аламыз. Жаңалық іздеп отыратын өнертапқыштар осы кинолардағы автокөліктерді шындыққа айналдыруға барын салуда. Алайда, жақын арада "сөйлейтін" көліктердің пайда болмайтынына сенімдіміз. Ал, жалпы әлдебір елең еткізерлік өзгерістер бола қояр ма екен?
Аutos.msn.com. сайты бұл сұраққа былай деп жауап беріпті.
2020 жылға дейін біздің автокөлігімізде пайда болуы тиіс 8 нәрсе:
1. Жол апатының алдын алатын жүйе. Жақын арада бұл жүйе радар мен сигнал арқылы сіздің жол апатына түсуіңізге мүмкіндік бермейді. Флагмандық Lexus пен Mercedes модельдеріне қолданылып үлгерген жүйеде өздігінен тоқтайтын тежегіш те бар екен.
2. Жан - жақтан орнатылатын көз. Жақын арада артқы жақта орнатылған көз стандартты жабдыққа айналады. Бұл жабдық бүгінде премиум-класс автокөлігінде қолданысқа еніп үлгерді, мамандардың айтуынша, бірнеше жылдардан соң, ортанқол автокөліктерде қолжетімді болуы үшін оның құны 50 $-дан да төмен болмақ.
3. Қараңғыда көріп, жаяулар жүретін жолдарды (пешеход) анықтай алатын камера. Volvo S60 көлігінде бар құрал жаяулар жүретін жолды көріп қалса, бірден тоқтай қалады. Қымбат BMW мен Mercedes-терде бар камера жолдағы кез келген кедергіні көре алады екен.
4. Қарапайым жүргізу. Бейімделген круиз-бақылау алдыңыздағы автокөлікпен ара-қашықтықты сақтауыңызға көмектеседі. Бүгінде БМВ мен Ауди-ға ғана орнатылғанымен, 2020 жылға қарай барлық көлік құралдарында болады деп күтілуде.
5. Автокөліктермен байланыс. Автокөліктер сәтсіз оқиғаларға ұрынып қалмау үшін бір-бірімен тілдесе алса ғой! Болашақта бұл да мүмкін болмақ. Ford қатынас құралдары үшін Wi-Fi көмегімен жұмыс істейтін интеллектуалдық жүйені ойластыру үстінде. Бұл жүйе автокөлігіңіздің орнын анықтап, айналадағы жағдайларды өз бақылауында ұстамақ. Сондай-ақ қауіпті аймақтарда белгі береді деп күтілуде.
6. Автокөлікпен сөйлесу. Автокөлік жүйелерін басқару мейлінше қарапайым болмақ. Bluetooth-ды пайдалану мен дауыстап басқару арқасында тура кинолардағы автокөлік айдайтын боламыз.
7. Автөкөлікке қажетті қосымша. Қазірдің өзінде General Motors компаниясы бірнеше жүз долларлық Wi-Fi-дың жаңа моделін жетілдіру үстінде. Осының арқасында болашақтың автокөліктері нағыз ойын-сауық һәм ақпараттық орталыққа айналып шыға келмек. Дауыспен басқару арқылы Фэйсбук пен Туиттердегі парағыңызды жаңартып отыратын боласыз.
8. Жылу жүйесін үнемдеу технологиясы. АҚШ автокөлік құрастырушылардың алдына 2025 жылға дейін 100 шақырымға 4 л. жобасын қойып отыр. Бұл жоба бойынша жүргізушілердің қалтасына барынша жеңілдік жасалмақ.
Бұдан өзге де жоспарлар жетіп артылады. Біз әлбетте жағымды жаңалықтың кез келгенін қолдап, іске сәт дейміз.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: rubinavto.ru, future-tech.ru, gizmodo.ru