- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БҚО әкімі: ресейліктер...
БҚО әкімі: ресейліктер мен украиналықтар көп келіп жатқаны байқалмайды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ресейліктер мен украиналықтардың аймаққа жаппай келуіне байланысты азаматтардың алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"БАҚ Ресей мен Украинадан келген мигранттар көбейгені туралы жазып жатыр. Бұл мәселелер қоғамды алаңдата бастады, олар аймақтың экономикасына, еңбек нарығына және халықтың жағдайына қалай әсер етеді" - деп сұрады журналист.
Әкім көші-қон қызметі бұл мәселе бойынша деректерді ай сайын келтіріп отыратынын айтты.
"Былтырғы бес аймен салыстырғанда, Ресей азаматтарынан тұруға ықтиярхат сұрағандар саны 25 адамға ғана артқан. Айтарлықтай өсім болғанын көріп тұрған жоқпыз. Украина азаматтарына қатысты да айтарлықтай өсім байқалмайды", - деп сендірді әкім.
Алайда ол Ресей азаматтары бизнес үшін батыс аймақтарға жаппай келе бастағанын айтты.
Ж. Қадыржанова"Бизнеске байланысты үлкен өзгерістер бар, яғни жеке немесе сауда бойынша шекарадан өтетін адамдарға қатысты. Бұл жерде үлкен өсім байқалады, ал бұл шекаралас өңірлер арасында тауар өткізу бойынша жұмыс жанданғанын білдіреді. Тұрғындардың біздің өңірге көшуіне келетін болсақ, қазір мұндай проблеманы көріп отырған жоқпыз", - деп атап өтті әкім.