АҚШ-та алғашқы ірі Көліктер шоуы-2018 басталды. Жаңа көліктерді көпшілік жұрт 20-қаңтардан бастап көретін болады.Детройтқа келген әлемдік БАҚ өкілдері биылғы жылдың басты көліктерін өз көздерімен көріп, танысты. 2018 жылдың басты жаңалығы су жаңабастыGelandewagen болды. Мұны көпшілік жұрт 20 жыл күтті деседі.Mercedes-Benz компаниясыныңG-Class жаңа буыны өзінің әдемі дизайндағы классикалық формасын сақтап қалды. Жол талғамайтын көліктің жаңа буыны бұрынғысына қарағанда 53 мм-ге ұзынырақ және 121 мм-ге кеңірек.Модельдегі жабдықтың құрамында жарық диодты фаралар, әртүрлі қосалқы жүйелер, сонымен қатар, жаңа аспалар құрылды. Жаңа көлікті таныстыруғаDaimler-дің бас атқарушы директорымен бірге осы көлікті қатты ұнататын әйгілі актерАрнольд Шварценеггер шықты. Айта кетейік,Детройттағы автосалонда Hyundai Veloster хэтчбінің жаңа буыны енгізілді. Автокөлік басқалармен қатар зарядталған N-нұсқасын алды.