- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Биыл жарыққа шығатын...
Биыл жарыққа шығатын көлік таныстырылды
АҚШ-та алғашқы ірі "Көліктер шоуы-2018" басталды. Жаңа көліктерді көпшілік жұрт 20-қаңтардан бастап көретін болады. Детройтқа келген әлемдік БАҚ өкілдері биылғы жылдың басты көліктерін өз көздерімен көріп, танысты.
2018 жылдың басты жаңалығы су жаңа басты Gelandewagen болды. Мұны көпшілік жұрт 20 жыл күтті деседі. Mercedes-Benz компаниясының G-Class жаңа буыны өзінің әдемі дизайндағы классикалық формасын сақтап қалды.
Жол талғамайтын көліктің жаңа буыны бұрынғысына қарағанда 53 мм-ге ұзынырақ және 121 мм-ге кеңірек. Модельдегі жабдықтың құрамында жарық диодты фаралар, әртүрлі қосалқы жүйелер, сонымен қатар, жаңа аспалар құрылды.
Жаңа көлікті таныстыруға Daimler-дің бас атқарушы директорымен бірге осы көлікті қатты ұнататын әйгілі актер Арнольд Шварценеггер шықты.
Айта кетейік, Детройттағы автосалонда Hyundai Veloster хэтчбінің жаңа буыны енгізілді. Автокөлік басқалармен қатар «зарядталған» N-нұсқасын алды.