- Негізгі бет
- Шолу
- Бейнебаян. Судан қорықпайтын...
Бейнебаян. Судан қорықпайтын Iphone
Судың телефон мен басқа да электроникаға тигізетін зияны баршамызға мәлім. Жер шарының 80%-ын су қаптағандықтан, адамның сусыз күн кешуі мүмкін емес. Миллиондаған адамдар техникаларын абайсызда суға түсіріп алып, кейіннен қайтып пайдаға асыра алмай әуреге түседі. Әрине, бұндай жағдайға түспес үшін су өткізбейтін қаптарды пайдалануға болады. Бірақ, бұндай қорғаныс қаптарының көбі жылтыр әрі сырғанақ материалдардан жасалғандықтан, пернетақтамен жұмыс істеуді қиындатады.
Бұл мәселені американдық Liquipel компаниясы шешіп береміз деп отыр. Компанияның өнімі – адам шашынан мың есе жұқа гидрофобты нанобөлшекті қап. Құрылғының сыртына қапталған қап оны судан толықтай қорғап, функциясын сақтап тұрады. Гидрофобты нанобөлшектер газдың құрамы арқылы арнайы құралдың көмегімен ұялы телефонға немесе басқа да электронды құрылғыларға енгізіледі. Нанобөлшектер құрылғының барлық жеріне өтіп, әрбір элементпен тығыз байланысқа түседі. Liquipel жұмысшыларының сөздеріне сенсек, табиғатта бұндай құбылыстар тек күннің бетінде ғана болады. "Көзге көрінбейтін қап электроникаға кері әсерін тигізбестен өз жұмысын жақсы атқарады" дейді компания. Гидрофобты материал электр тоғын өткізбегенімен, қолданушы microUSB 3,5 мм құлақшын тіркеуіші, сим-карта ұяшығы және т.б.интерфейстерді пайдалана алады. Жаңа қаптың микрофон мен динамиктердің жұмысына тигізетін әсері жайлы хабар жоқ.
Тәуекелге барып, бұл сиқырлы қапты байқап көруге болады. Бұны жүзеге асыру үшін ұялы телефоныңызды Liquipel-ге жіберіп, кем дегенде 59 доллар ақша төлейсіз. Қаппен үйлесімді жұмыс істейтін телефондардың қатарында iPhone 3G/S, 4/S, HTC Evo 4G/Shift 4G, HTC MyTouch 4G, HTC Thunderbolt, Motorola Droid X/X2 и Samsung Charge үлгілері бар.
Форумда талқылау
Сурет tengrinews.kz сайтынан