Barcode деген не?

Barcode деген не?

Қазір заманауи техниканың қарқынды дамып жатқан кезінде ақпараттың біраз бөлігі сандық түрде сақталғанымен, көп жағдайда біздер сол ақпараттың қағаз бетінде жазылғанын қалаймыз. Мысалға алатын болсақ, әртүрлі жарнамаларды газет, журналдардың беттерінен оқу компьютерге қарағанда әлдеқайда тиімді. Бірақ, келешекте мұның бәрі өзгеруі мүмкін. 

Әртүрлі тауарлардың сыртына сызылған жолақтарды көріп пе едіңіз? Олардың не екенін білгіңіз кеп тұрған шығар? 

Ең алдымен barcode (штрих-код) сөзі не білдіретінін біліп алайық. Бұл сөз "bar"  деген ағылшын сөзінен шыққан. Тікелей аударатын болсақ, "сызықтармен бөлу" дегенді білдіреді. Шынымен де солай, кез келген тауардың сыртындағы жолақтарға назар аударсаңыз, бұл сөздің мағынасы сізге бірден түсінікті болып шығады.

QR code

Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзінде екідеңгейлі штрих-кодтаудың мынадай түрлері қолданылады:  ISO/IEC 15438:2001 - PDF417; ISO/IEC 16022:2000 - Data Matrix; ISO/IEC 16023:2000 - MaxiCode; ISO/IEC 18004:2000 - QR Code.

 


Код Атцтек

Екіөлшемді Bar-code үлкен көлемді ақпаратты қағаздың кішкентай бөлігінде кескіндеу үшін арналған. Мысалға алатын болсақ, Data Matrix  3000 цифр немесе әліпбидің 2000 символын сақтай алады. 1994 жылдан бері «Denso-Wave» -компаниясының шығарған QR кодтары пайдаланыла бастады. Олардың негізін құрастыру үшін әр символдың бұрыштарында орналасқан үш бағытты матрица қолданылады.

Двумерный код

 Сондай-ақ, ақпаратты кодтау үшін басқа да схемалар қолданылады. Сонда да қолданыста QR Code жиі қолданылады.

QR quick response сөздерінің алғашқы әріптерінен құралып, "лезде үн қату"дегенді білдіреді. Расында да, бұл кодты оқудың жылдамдығы арнайы құрылғының көмегімен көзді ашып жұмғанша тез болады. Осындай код 7089 цифр немесе 4296 әліпби символын қамти алады. Сондай-ақ, бұл кодтау жүйесі UTF-8 құрылғыларының көмегімен кодтауды қолдайды. Кириллица қаріпі үшін өте тиімді дүние.

Еще один вариант кодаБұндай әдіс ақпараттың лезде оқып-жазуды талап еткенде өте тімді. QR кодтаудың арқасында қағаздың кішкентай ауданына кең көлемді ақпаратты жазуға болады. Мысалы сізге жарнама беру керек делік, сіздің ақпаратыңыз  көп, ал қағаз бетінде жарнама жариялау қымбатқа түсіп жатыр. Осындай кодтаудың арқасында сіз графикалық кодты жасап шығып, ішіне қалаған ақпаратыңызды емір-еркін енгізе аласыз.

Суретте қандай ақпарат кодталғанын қалай білуге болады?

 Бұл үшін сіз арнайы бағдарламаны орнатуыңыз қажет. Бейнекамерасы бар мобильді құрылғылар үшін Kaywa reader, I-Nigma, QuickMark сынды бағдарламалар бар.
Kaywa reader мен I-Nigma бағдарламалары телефондардың көп үлгілерімен үйлесімді жұмыс істей алса, Apple iPhone үшін iMatrix атты арнайы бағдарлама қарастырылған. Өз телефондарына Nokia компаниясы barcode reader бағдарламасын жүктеп алуға сілтеме орнатып жатыр.
Сондай-ақ, телефоныңызға осындай бағдарламаны жүктеу үшін браузерде мына мекен-жайды теруге болады http://www.i-nigma.mobi.

Суреттер: bester-ltd.ru