Балалардың жоғалып кетуінің алдын алатын смартфон

Android Wear-дың жарыққа шығуына ілесе LG компаниясы алып жүруге, тағуға ыңғайлы гаджеттерді зерттеуге зор күш жұмсауда. Осыдан бұрын жарық көрген G Watch-тан басқа, LG компаниясы шілде айының басында Kizon деп аталатын білезікті жасап шыққандарын айтты. Бұл өнім GPS және WiFi арқылы орын белгілейді және смартфон немесе ноутбук арқылы тұрған орынға байланысты ақпараттарды әр уақыт сайтын қарап отыруға болады. Мұнан өзге Kizon-ға бірнеше шақыру батырмасы да қоса қондырылған. Кез келген уақытта бала өз жақындарын сол батырмалар арқылы шақыра алады.

Егер бала 10 секунд ішінде телефон көтермесе, Kizon автоматты түрде қосылып, баланың ата-анасында бала туралы ақпараттарды жібере бастайды.

Kizon өнімінің тағы бір ерекшелігі – "Тұрған орынды ескерту" сигналы бар. Мысалы, ата-ана баласы бармауға тиісті орындарды Kizon-ға енгізіп қойса, сәби сол маңға жақындай бастаса, Kizon отағасыларға сол туралы ақпарат жібереді.

Білезіктің ішкі бөліміне 400 миллиамперлік қуат көзі орнатылған. Оны бір рет қуаттасаңыз 36 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істей алады. Егер қуат көзінің мөлшері 25% төмендеп кетсе, тағы да үлкендерге ескерту жібереді.

Балалардың Kizon-ды жақсы көріп, үнемі тағып жүруі үшін оның сыртқы қабына рең ауыстыру жүйесі қойылған. Тіпті оған әртүрлі мультфильмдердің арқау әндері де қойылған. Kizon Корея нарығына шыққаннан кейін күзге қарай Еуропа және өзге елдердің нарығына жол тартпақ.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kbc.co.ke