Балалар интернеті іске қосылуы мүмкін

Балалар интернеті іске қосылуы мүмкін
Фото: yaslit.ru

«16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желі­лерде тіркелуіне шектеу ен­гізу» тақырыбы аясында ұйым­дастырылған отырысқа мем­лекеттік органдар мен түрлі ұй­ымдар, қоғам белсенділері қа­тысты. Жанат Мұ­ратұлы Ақпарат және коммуникациялар минис­трлігі мемлекеттік меке­ме ретінде интернет пен әлеуметтік желілер мұқият бақы­лана­тынын, зиянды мәліметтер де бұғат­талатынын айтты.

«Әрине, біз құзырлы орган­дармен бірлесе отырып, пайдасынан зия­ны көп сайттардың қыз­метін тоқтатамыз. Одан бөлек, жет­кін­шектер көп үйірсектейтін әлеуметтік желілерді де қатаң қадағалап, сараптап отыра­мыз. Жыл басынан бері 20 мың­нан астам материалды бұ­ғаттадық. Оның басым бөлігі балаларды өз-өзіне қол жұмсауға жетелейтін, порнографиялық сипатқа ие немесе теріс ағымға үндейтін, тіпті, бұзақылық әре­кеттер арқылы қатігездікке баулитын бағытта болғандықтан осындай шешім қабылдадық», – деді ол.

Жиында мәселенің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығына байланысты балаларды интернеттің қауіп-қа­терінен қорғау үшін техникалық мүмкіндіктер арқылы қойылатын шектеулер туралы да ұсыныстар айтылды.

Соның бірі байланыс операторлары «балалар интернеті» деп аталатын қызметті іске қосуы туралы болды.

«Бәлкім, байланыс оператор­ларымен бірлесе отырып жеткін­шектерге арналған шектеулі «балалар интернеті» қызметін іске қосу керек шығар. Бұл кейбір елдердің тәжірибесінде бар. Белгілі бір деңгейде интернеттің тарифін енгізіп, өзгесіне шектеу қойылуы қажет. Оның ерекшелігі сол – балаларға ұсынылған интернетте зиян­ды контентті бұғаттау міндет­теледі», – деді Ж.Қожах­метов.

egemen.kz

М. Ақан