Балаға арналған жаңа дөңгелек

Алты жыл бұрын әуежайда өнеркәсіптік дизайнер Сэм Пирс бесік арбадағы баласын кедір-бұдыр жерлермен сүйретіп кетіп бара жатқан ананы көреді. Дәл сол сәттегі бесік арбаның қайта-қайта жиектерге ұрылып, баланы солқылдатқаны тың ойларға жетелеген.

Екі жыл бесік арба құрылымын жан-жақты зерттеп, ақырында төмендегі құрылымға тоқталған. Бірнеше жылдық еңбектің арқасында жеңіске жетіп, дөңгелектің жаңа үлгісін жобалап шығыпты:

Атауы - Loopwheel. Тангенциалдық подвескалардың заңдылығымен (жұмсақ жүріс пен кедергілерді қиындықсыз еңсеру)  жасалған.  Бүгінгі таңда Пирс мырза кішкене велосипедтерге де сол бір жүйені қолданып көруде.

Өткен айда Ұлыбритания көшелерінде көпшілікке жаңа өнертабысты таныстырған болатын. Сол жолы велосипедистермен бір қатарда мотоциклистер де таң-тамаша қалып еді. Жақын уақытта Сем қаржылай көмек алып, өз жобасын өндірістік деңгейге көтергісі келеді. Оның үстіне тапсырыс беріп қойғандардың қатары аз емес көрінеді.

Аталған дөңгелектердің бір артықшылығы, сыртқы ортаның тыныштығын сақтай отырып, сол уақытта кедір-бұдыр жерлерден туындайтын физикалық әсерлерден қашуға көмектеседі. Бір өкініштісі, өндіруге көп қаржы кететініні.


Сурет:www.dbshopping.it -

Дайындаған: Фараби Арыстанбек