Әйелдерге арналған көлік дегенде, сіз кішкентай өлшемді, түсі қызыл көлік туралы ойлаған шығарысыз. Түсі мен өлшеміне қарай көлік таңдау рационалды шешім емес екенін сіз де, біз де жақсы түсініп отырмыз. Қазіргі әйелдерді көліктің беріктілігі, жанармай тұтыну көрсеткіштері мен көлік қауіпсіздігі жайлы мағлұматтардың толғандыратыны таң қалдырарлық жағдай емес. Бұл әйелдер көлік таңдау кездегі темір тұлпаларының сыртқы келбетіне мән аудармайды деген сөз емес. Олардың көлік таңдаудағы барлық майда-шүйделерге көңіл бөлетіні байқалып тұр.
Тізімнің бірінші сатысында Nissan Micra орналасқан. Бұл үлгі өзінің доға бейнелі сыртқы келбетімен көзге түсіп, осының арқасында көліктердің қалың ағынында ерекшеленіп тұрады. Кішкентай өлшемдеріне қарамастан, Ниссан төрт жолаушыны сыйдыра алатын кең әрі жайлы ішкі кеңістікпен көзге түседі. Micra заманауи техниканың барлық түрімен жабдықталып, жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ABS, EBD пен Brake Assist сынды жүйелермен қапталған. Бұл үлгі борттық компьютермен, климатты басқару жүйесімен рөлде орналасқан аудио баптауларды реттейтін пернелер мен кілтсіз басқару жүйесімен жабдықталған. Бағасы $13 750
Әйелдер көңілінен шығатын көліктер тізімінің екінші сатысында Suzuki New Swift. Бұл шағын өлшемді көлік өзінің мінсіз басқарылуымен ерекшеленіп қана қоймай, сыртқы келбетінің сүйкімді орындалуымен көзге түседі. Көлік Еуропада жасалғандықтан, жинастырылу мен жабдықталудың сапасы жақсы деңгей көрсетіп тұр. Бағасы $16 450
Тізімнің үшінші сатысында Toyota Yaris орналасқан. Toyota Yaris көлігінің сыртқы келбетін ойластырған еуропалық ED-2 студиясының мамандары минимализм принципін ұстанып, жарыққа мына керемет үлгіні әкелген. Көліктің ықшам өлшемдеріне қарамастан үлгінің салоны өте кең болып шықты. Жаңа жайлы отырғыштар мен аяқтарды жайлы орналастыруға арналған қосымша кеңістіктің арқасында Yaris жайлылықтың жаңа түсінігін енгізіп отырғандай. Шанақтың нығайтылған түбі Макферсон тірегі бар подвесканың прогрессивті жүйесі мен электр күшейткіштің көмегімен сіз көлікті толықтай сезіне аласыз. Оған қоса, бұл үлгі өз класындағы қауіпсіз көліктердің қатарында. Yaris 9 қауіпсіз жастығымен жабдықталады. Бағасы $20 900
Бұл көліктерді автосалондардан ыстық тоқаштай күйінде сатып алатындар кім деп ойлайсыздар? Әлбетте! Нәзік жандарға Hyundai Getz көлігі өте ұнамды болғандықтан, бұл үлгі тізіміміздің төртінші тармағында. Getz қалаға арналған. Бұл көлік отын тұтынудың төменгі деңгейін көрсетіп қана қоймай, маневр жасаудың ептілігі мен динамиканың керемет көрсеткіштеріне ие. Бағасы $11 650 Тізімімізді неміс өндірушісінің өнімі - Opel Corsa тәмәмдап отыр. Corsa-ның дизайнында Astra-ның белгілері көрініп тұр. Ал үлгінің үлкен шамдары мен төбесі хэтчбекті спорттық көлікке ұқсатып отыр. Corsa-ның техникалық майда-шүйделердің саны шексіз. Техникалық құрылғылардың ішінде: галогенді шамдар, спутникалық навигация, Bluetooth бен MP3 ойнатқышы бар. Басқару жүйесі де жақсы жабдықталған: бұрылыс кезіндегі жолда тайғанап кетуді бейтарап ететін ABS, ESP, рөл гидрокүшейткіші мен шұғыл жағдайларда көмекке келетін тежегіш жүйесі бар. Көліктің бағасы $16 450
Суреттер avto-moto-club.ru сайтынан алынған