Ресейдің ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер интитутының директоры Лев Зеленыйдың болжауынша, 2030 жылдың соңында Айда радиоастрономиялық құрылғыларға қызмет көрсеттін Халықаралық станция тұрғызылады.
"Айды игеру адамзат үшін маңызды. Ең алдымен онда радиоастрономиялық тұрғыдан көз салсақ, Ай бетінде радиотелескоптар орнатудың пайдалы екендігін білеміз. Менің болжамым бойынша, бұл жұмыстар 2030 жылдардың соңы мен 2040 жылдардың аяғында орындалады", - деді ғалым.
Дегенмен ғалым Жердің табиғи серігін одан да маңызды шаруаларға пайдалану туралы айту әлі ерте екендігін жеткізді.
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Youtube-та Ай бетінде ұшып жүрген белгісіз бір объект туралы бейнебаян пайда болғандығын айтқан болатын
Ай туралы басқа да қызықты мәліметтер білгіңіз келсе, АҚШ-тағы аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық орталығының (NASA) ай бетіндегі дақтың пайда болуы туралы жасаған қызықты бейнебаянын тамашалаңыз. Анимация LRO зондының (Lunar Reconnaissance Orbiter) 1000 күндігіне орай жасалған.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: astrogalaxy1.narod.ru