Жапонияның "Paionia Furyokuki" атты компаниясы әр үйдің есік алдында жататын алашаларды ақылды электроникамен жабдықтамақ. Олардың пайымдауынша, ескі киімдерден жасалған шүберек-алашалардың болашағы жоқ. Әлектроника саласындағы елеулі жетістіктерге қол жеткізген жапондық инженерлер үй тазалығы жайлы да ұмытпаған секілді. Инженерлер алашалардың құрамына шаңсорғыш орнатып, ештеңеге таң қалмайтын көпшіліктің аузын тағы бір рет аштырып тұрса керек. Әдетте есік алдында жататын алашаларға аяқ киімімізді сүртіп, біраздан кейін оны далаға шығарып шаңын қағамыз. Енді бұл туралы ұмытуға болады.
Алашаның ішінде аяқ киімнің шаңы мен кірін соратын механизм орнатылған. "Ақылды" алашаның ішіне орнатылған арнайы сенсор адамның жақындағанын "сезіп", іске қосылады. Сізге тек бірнеше секунд алашаның үстінде тұру керек. Бар болғаны осы, өнертапқыштар үйіңіздің едендері таза болатынына кепілдік беріп отыр. Қосымша ешқандай іс-қимыл жасаудың қажеті жоқ. Жүйе тез әрі қарапайым жұмысын атқарады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/C03IxF2h6dA?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"335"});