Қазақстанда автокөлікке арналған сәнді нөмірлердің құны 200 мың мен 450 мыңның арасын құрайтын болады. Бұл туралы Жол қатынасы комитетінің бас хатшысы Марат Жұмағұлов айтты.
«Нөмірлерді аукционға шығармаймыз. Барлығы да салық комитетінің заңы бойынша болады. Сіз салық комитетіне келіп 4 530 теңге төлейсіз. Егер сәнді нөмір алғыңыз келсе, оған да тапсырыс бересіз. Заң бойынша, нөмір шыққанда сіз ақшасын төлеп алып кетесіз. Сәнді нөмірлердің құны 200 және 450 мыңның арасында болады», - дейді Марат Жұмағұлов.
Бас хатшының сөзіне қарағанда, «Жол қатынасы» жобасы бойынша шығарылған бұл заң шетелден келген көліктердің заңсыз тіркелуіне жол бермейді. Ал еліміздегі Үкімет орындарындағы автокөліктерге мұндай нөмірлер тегін беріледі екен.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: tengrinews.kz