Биыл Volkswagen маркасы коммерциялық көліктер көрмесіне бесінші рет қатысып отыр. Techno Classica көрмесі Эссен қаласында өтіп жатыр.
Биыл концерн екі бірдей мерейтойды атап жатыр: Caddy-дің 30 жылдығы мен Bulli-дің шыққанына 65 жыл. Осыған орай әйгілі неміс автоөндірушісі коммерциялық көліктерді күрделі жөндеуден өткізуді бастап отыр. Бұған қоса көлік иесі жасалған жұмыстың фотоесептемесімен таныс бола алады.
Тарихи көліктер стендінде Volkswagen концернінің 7 бірдей көлігі орналасқан. Т2 сериялы екі көлік, Т1 фургоны, аты аңызға айналған В 32, 1984 жылғы Caddy, 1968 жылғы сары-қызғылт "шал" мен Bulli Beck‘s. Күрделі жөндеудің обьектілері - Herrenhäuser сыра зауытына арналған Т2 үлгісі мен 66 а.к. 1972 жылы жарық көрген Т2-нің тағы бір данасы. Бұл машина Romantik қонақүйлер желісінің меншігінде және қазіргі уақытта Volkswagen концернінің коммерциялық көліктер бөлімінде толықтай күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 1972 жылы қаңтар айында был кэмпер АҚШ-қа экспортқа шығарылған болатын. Кейін қайта Тегрмания жолдарына оралды. Механиктер командасы Bulli-ді бөлшектерге шашып тастап, оны күрделі жөндеуден өткізгелі тұр.
Биыл 1950 жылы шығарылған „Taubenblau“ көк түсіне сырланған T1 Bulli-ді көруге болады. Бұл көлік 1950 жылы 8 наурыз күні Вольфсбурк қаласының конвейерінен шыққан болатын. Дәл сол күні бұл үлгінің шығарылуы басталды. Сол кезде барлық көліктер қолмен құрастырылатын. Көрмеде көрсетілген үлгі 60 жылдары тауарларды жеткізуге пайдаланылған болса, 1985 жылы Вольфсбург мұражайында өз орнын тапты.
Көрмеге келген адамдар аңызға айналған В 32 үлгісін көру мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл көліктің алғашқы нұсқасы болып, Porsche зауытында өзгертуден өткен Bulli болды. Инженерлер машинаны 100 ат күшті қозғалтқышпен жабдықтады. Кейін Porsche компаниясының басты инженері Хельмут Боттың бастамасымен көлік қайта жетілдірілген болатын. 1978-88 жылдары Ботт директорлар кеңесінде қызмет істеп, зерттеулер мен жаңа технологияларды енгізу бөлімінде жұмыс атқарды. Сол уақытта Ботт Т3 үлгісіне Porsche 911-дің қозғалтқышын орнату идеясын ұсынған. Ал 1981 жылы мамандар бұл идеяны іске асыруды бастады.
1983 жылдың соңында алғашқы тоғыз көліктің өндірісі басталды. Өндіріс орны Вельхерат қаласының маңында, Нюрбургринг трассасының төңірегінде орналасқан шеберханада орналасты. Жасалған В32-нің саны белгісіз. Porsche шассиінің нөмірі белгіленген 15 дана және Volkswagen шассиі нөмірі белгіленген 2 дана жасалды деген тұжырым бар. Бұл жылы да көрермендердің назары түпнұсқаға максималды жақын етіп реставрациядан өткен Beck‘s Bulli-да болды. 1964 жылы шыққан көлікті концерн тарихи көліктер паркін көбейту мақсатымен сатып алған болатын. Бұдан бұрын көлікті Бремен қаласының тұрғыны қалпына келтіруді қолға алған.
АҚШ-та алғашқы Caddy осыдан 30 жыл бұрын пайда болды. 1982 жылы бұл көліктің атауы Pickup Truck болды. Кейін Еуропа нарығына үлгі Caddy атауымен танылды. Барлығы 1,5 млн астан Caddy сатылған болатын.
1965 жылы Westfalia компаниясы Caddy-дің "атасын"- „VW Typ 147“ Fridolin үлгісін құрастырды. Германияның пошта қызметкерлері бұл көлікті сүйетін. Хаттар мен бандерольдерді таратып жүрген курьерлер үлгіні сыпайы түрде Фридолин деп атаған. 1974 жылға дейін барлығы 6 139 "Фридолин" зауыт конвейерінен шыққан болатын.Сурет: 5koleso.ru