Автокеңестер

Автокеңестер

1. Рөліңіз дірілдеп жатса не істеу керек?

Автоны сезіне білу керек. Мәселен, белгілі бір жылдамдықта немесе тежеу кезінде рөліңіз дірілдеп кетті делік. Енді бұның себептері туралы айтып көрелік. Бұған себеп көп болуы мүмкін. Мысалы, дискіде жиналып қалған балшық, шиналардағы қысымдардың айырмашылығының көп болуы, нашар балансировка, ескі резина, рөлдік тягадағы ақау, тозған амортизатор, қисық тежегіш дискілер, нашар колодкалар. Осының барлығы орын алған ыңғайсыздықтың себебі болуы мүмкін. Енді осы проблеманы шешудің жолы туралы айталық. Дискіге көз салып, жиналып қалған қоқыстан тазалаңыз. Алдыңғы және артқы дөңгелектердің орнын ауыстырып көріңіз. Қысымдарын тексеріп көріңіз. Қайта балансировка жасап көріңіз. Рульдік тяга мен аммортизатордың халіне назар салып, байқап көріңіз. Колодкалардың жағдайын тексеріп, олардың дұрыс орнатылғандығына көз жеткізіңіз.

2. Шиналарды қалай күтуге болады?

Көліктің барлық шиналарының бірқалыпты тозуын қамтамасыз ету үшін кәсіби автомобилистер әрбір 5-10 мың жол жүрген сайын дөңгелектердің орнын ауыстыруды ұсынады. Бұл істі мына тәртіппен жасау керек. Алдымен оң жақтағы артқы дөңгелекті шешіп, орнына қосалқы дөңгелекті орнату керек. Шешілген дөңгелекті сол жақтағы алдыңғы дөңгелектің орнына кигізу керек. Бұл жолы шешілген дөңгелекті осы сол жақтағы артқы дөңгелектің орнына салған жөн. Сол жақтағы артқы шинаны оң жақтағы алдыңғы дөңгелектің орнына кигізіп, шешілген соңғы дөңгелекті қосалқы шина ретінде сақтап қойғанымыз дұрыс.

3. Багажниктегі канистра тарсылдап мазаңызды қашырмас үшін оған екі шеңбер формасындағы резина кигізіп қояға кеңес береміз. Резинаны ескі көліктің камерасынан кесіп алуға болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: waltsdanvilleserviceca.com