Автокеңестер

1. Көліктің жүк салғышында болуы керек ең қажетті заттар не?

Дөңгелегіңіз жарылып, ауыстыру қажеттілігі туған кезде ең алдымен сізге домкрат қажет болады. Сонымен қатар авариялық аялдаманы білдіретін белгінің болғаны да жақсы. Және электрлік компрессор, электрлік манометр, өрт сөндіргіш, аптечка, домкраттың астына қоятын қалың фанералар, таза шүберек, былғары қолғап, диодты лампа, қосымша лампалар, дворниктің қосымша щетклары, жиналмалы орындық, халат секілді нәрселерді алып жүрген жөн болады.

2. Тежегіш педалі бірде жұмсақ, бірде ауыр басылады. Себебі неде?

Тіпті жаңа, дұрыс жұмыс істеп тұрған көліктердің өзінде тежегіштің жұмсақтығы үнемі бір қалыпта тұрмайды. Педальді бірнеше рет қаттырақ басып жіберсек, ол ауырлай түседі. Бірақ бұл автоның бұзылғандығының белгісі емес. Бұл тормоз магистраліне ауа толып қалғандығынан болуы да мүмкін.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: citytowing.org