- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Авто. "Ақылды" терезелер...
Авто. "Ақылды" терезелер келе жатыр....
Артқы орындыққа жайғасқан кішкентай баланың іші пысып, жаңа ғана жуылған көлік терезесіне саусақтарымен сурет салуды бастайды. Дүниежүзінде мұндай мәселеге күнделікті миллиондаған ата-ана тап болады. Солай емес пе? Бірақ, амал жоқ, баланың аты бала. Не деп ұрсасың? Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында General Motors компаниясы үлкен жобаны бастап отыр. Әлемдегі ең ірі автоөндіруші компанияларының бірі болып саналатын GM-ның ғылыми зерттеу бөлімі Bezale университетінің Future зертханалық орталық мамандарынымен бірлесе отырып, Windows of Opportunity (WOO) атты интерактивті терезелер жобасын құруды көздеп отыр. Bezale университеті әлемдегі ең көне және атақты ЖОО бірі болып саналады. Аталған университет түлектері дүниежүзінің түкпір-түкпірінде еңбектеніп, адам баласына пайда әкелетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
"Ақылды терезелер көлік жылдамдығы мен оның орналасқан жерін дәл анықтап, интерактивті технологиялардың көмегімен жолаушыларға ойын-сауық пен ғылыми-танымдық функцияларды ұсынады", - дейді GM компаниясының R&D бөлімінің менеджері.
"Ақылды" терезелердің жұмысын иммитациялау үшін студенттер камера мен проекторды қажет ететін EyeClick атты оптикалық-сенсорлы технологияларды қолданып жатыр. Осы технологияның көмегімен жолаушы көзге көрінбейтін мультисенсорлы дисплейден керекті функцияны таңдап, қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Бұл жоба жүзеге толығымен асқанда, жолаушы «ақылды» терезеден қалаған бейнесін көре алумен қатар, түрлі ойындарды ойнай алады. Бұл жоба ғылыми-техникалық дағдарыстың анық айғағы десек, артық айтылған сөз емес. Адамның өмірін барынша көңілді әрі пайдалы өткізуге бағытталған технологиялар қазіргі таңда өте көптеп шыққанымен, әзірге көпшілік халыққа қолжетімді болмай тұр. Бірақ та, егер бұндай жобаларды басқа да ірі автоөндірушілер технологиялық процесске енгізсе, жақын арада "ақылды"терезелерді біздің көліктерден де көруге болатын сияқты.
Қазіргі кезде GM бұл жобаны өз көліктеріне енгізуге асығып тұрған жоқ. Әзірше осы технологияның ең үздік концепциясы ғана жобаланып жатыр.
Форумда талқылау
Суреттер univ.ag.ua сайтынан