Америкалық ғалымдар электростимуляциядан болған аурудан арылтатын Cur жабыстырғышын жасап шығарды. Оның әсері қарапайым. «Ақылды білезік» ауырған жерге жабыстырылады, одан микроток тарай бастайды. TENS жүйкелік стимуляция электрі технологиясын қолдану арқылы құрысуды жылдам ыдыратады. Нейробұлшықет электростимуляциясы медициналық сауықтыруда жаттығу ретінде бұрыннан қолданылып келеді. Қазір емдік тұрғыда қолданысқа енді, ауыр да қолайсыз арнайы құралдардың қажеті болмай қалды.
Құрастырушылар оны ауыртпайтын етіп шығаруға уәде берген: қолданушы тек жай ғана шаншуды не аздаған дірілді сезетін болады. Сонымен бірге Cur модулінде орналасқан батырма арқылы немесе смартфондағы арнайы қосымша арқылы микроток күшін тұтынушының өзі реттей алады.
Қазіргі сәтте гаджетке құрастырушылардың сайты арқылы тапсырыс беру құны шамамен 150 долларды құрайды.
Ұқсас жазабалар:
Кез келген оператордың арманы – Lily (видео)
Sony ұсынған электр лампасын қашықтан басқаруға болады