- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ауди велосипед жасауға...
Ауди велосипед жасауға көшкен бе?
Келесі аптада Audi компаниясы "Wörthersee" атты электрлік велосипедтің прототипін халық назарына көрсетпек. Бұл өнімнің құрылысында неміс автоөндірісінде қолданылған түрлі технологиялардың біршамасы қоданылған. Австриялық Каринтия қаласында өтетін презентацияда велосипедті байкер-сынақшы Жульент Дупонт пен маунтингбайк өнерінің хас шебері Петра Бернхард сынақтан өткізіп, сұмдық әрекеттерді көрсететін болады.
"Электробайктың" массасы 11 келіні құрап, тірек рамасы полимерден жасалынады. Бұрылыс пен түрлі әрекеттерді орындау үшін "байктың" ауырлық салмақ ортасы төмендетіледі. Велосипедтің «Audi ultra blade» стилінде орындалған 26 дюймдік дөңгелектері көміртегі талшықтарынан жасалынғандықтан, олардың салмағы өте жеңіл. Қуаты 2,3 кВт болатын электрқозғалтқыш жолаушының ұзақ сапарға шығуына мүмкіндік береді, ал егер жолда литий-иондық батареяның заряды отырып қалса, оны қосымша құрылғыға ауыстыруға болады.
Көлікте орнатылған сенсорлық экранның немесе оған тікелей қосылатын смартфонның көмегімен жүргізуші жүрудің бес түрлі типін таңдай алады. Егер «Pure» тәртібінде жүргізуші велосипедті педаль арқылы жүргізіп отырса, «Power Wheelie» тәртібінде электрқозғалтқыш қосылып, жылдамдықты әлдеқайда жоғарлатуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, бұл тәртіпте жылдамдықты 60 ш/с-қа дейін жеткізіп, 50-70 шақырым жерді бір заряд көлемінде жүріп өтуге болады. Айтпақшы, бұл "темір-терсекті" зарядтауға 2,5 сағат уақыты кетеді. Жылдамдық пен тежегіш механизмдері мотоциклдердегідей. Электрқозғалтқыштың баптауларын смартфонның көмегімен өзгертіп отыруға болады.
Сондай-ақ, велосипедтің "миы" жүргізушіге оны басқаруға, сұмдық әрекеттерді орындауға көмек береді. Мысалы, қолданушы артқы дөңгелекпен жүрем десе, оған тек керекті тәртіпті таңдау ғана керек болады. Ал "Power Wheelie" функциясы тәжірибелері аса көп емес жүргізушілерге тауға шығуға көмектеседі. "Balanced Wheelie" тәртібі спорттық әрекеттерді жасауға негізделіп, велосипедтің балансын сақтай отырып, жүргізушінің құлап қалмауын қадағалайды. «Training» тәртібінде бірқалыпты жылдамдық сақталып, жүргізуші күнделікті жаттығуларын жасай алады.
Суреттер:3dnews.ru