Енді Дубайда күн батареясымен, биодизель отынымен жүретін автобустар жасалмақ. Аталған бастаманы Араб әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мухаммед бин Рашид Аль Мактум көтеріп отыр.
Экологиялық таза көлік жобасын іске асыру жөнінде бұрындары да әңгіме болып келген тұғын. Себебі, қоғамдық көлік қатынасының жақсаруын қарастырып жүрген арабтар қоршаған ортаны таза ұстауды бірінші орынға қойса керек.
Биодизелді қозғалтқыштан бөлек, автобус күн батареясы арқылы қуатталатын жарықдиодты жүйемен қайта өңделген шикізаттан жасалған шиналармен жарақталады. Сынақтан өткізілетін алғашқы автобустар қалалық бағыттарда жарты жыл уақыт ішінде тексерістен өткізіледі. Содан кейін ғана жоба сәтімен іске асса автобус паркі ұлғайтылатын болады.
"Біз биодизель отынымен жүретін автобус қоғамдық тасымалды жақсартуға үлесін қосады деп сенеміз. Шындығын алсақ, қолданыстағы автобустарға қарағанда олар қоршаған ортаны 78%-ға аз ластайды",- деп Дубай қоғамдық көлік агенттігінің басшысы айта кетті.
Сурет:ptyonweb.wordpress.com
Дайындаған: Фараби Бақыт