Астана мен Алматының арасы 2,5 сағат болуы мүмкін

Астана мен Алматының арасы 2,5 сағат болуы мүмкін

Қарағандыдағы техникалық университеттің түлегі Семен Болотник Алматы мен Астана қаласын 2,5 сағаттық жол арқылы қосуды ұсынды. Бұл туралы "Новый Вестник-Караганда" газетінде жазылыпты. 

Семен екі қаланың арасын қосатын жаңа экспресс ұсынып отыр. 514 км/сағ жылдамдықты бағындыра алатын "Бүркіт" деп аталатын жүйрік пойыз бір мезетте 1056 адамды тасымалдайтын болады. 

а

Бүркіттің басқа пойыздардан айырмашылығы оның экологиялық тұрғыдан тиімділігінде. Экспресс жолдың өне бойында орналасқан жел генераторлары мен күн панельдерінен қуат алып отыратын болады. 

а

Жас инженер жобасын ел президентіне таныстырмақ ниетте екендігін де айтыпты. Қазақстанның ЭКСПО-2017-ні өткізу құқығына таласып жатқандығын ескеріп, жоба мақұлдануының ықтималдығы жоғары деп санайтындығын да айтты Семен.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: novate.ru, quorum.kz