Арзан Android-смартфонды қалай таңдау керек?

Арзан Android-смартфонды қалай таңдау керек?
Фото: massaget.kz, timetoast.com, hesed.info, elecjet.com,

Смартфон арзан болса, оның сапасы нашар деген сөз емес. Қазір көп компаниялар, әсіресе қытайлық брендтер, тым жоғары бәсекелестік әсерінен өз өнімдерінің бағасын арзандатып жатыр. Арзан смартфонның бәрі бірдей шыдамды, сапалы бола бермейді. Бірақ олардың арасында қуаттылығы жағынан аса қабілеттілері жетіп артылады. Тек таңдау кезінде смарт-көмекшіңіздің өнімділігіне назар аударсаңыз болғаны. 

Чипсет және жедел жад (RAM) көлемі 

Бағдарламалар мен ойындардың жылдам іске қосылып, қиындықсыз жұмыс істеуі аталған екі компонентке баланысты. Жедел жад неғұрлым көлемді болса, смартфон соғұрлым ақпаратты жылдам игереді. Жедел жад үшін ең оптимал көрсеткіш – 2GB. Ал процессорында назар аударатын нәрсе – ядро саны мен жиілік көрсеткіші. Мұндайда 8 ядролы, 1,3 ГГц жиіліктегі процессоры бар смартфон таңдаған жөн. 

Экран/дисплей 

Смартфон дисплейінде анықтыққа мән беру керек. 4К-дисплейі бар смартфонды арзанға алу мүмкін емес, әлбетте. Бірақ экран аса маңызды компонент емес. Сурет пен видеодағы түстерді қанық етіп көрсету үшін орташа 1080p (720×1280, HD) анықтықтағы дисплей де жарай береді. 

Аккумулятор 

Смартфонның жұмыс істеу уақыты батарея қуаттылығына байланысты. Смартфонды белсенді пайдаланатын қолданушылар үшін смартфон қуаттылығы аса маңызды. Ең жауапты сәтте смартфоныңыз өшіп қалса, біраз әбігер болып жатамыз. Сондықтан, смартфон таңдау кезінде батарея қуаттылығына мән берген ұрыс. Сағатына 3000 милиАмпер (мА) сыйымдылық күні бойы белсенді пайдалануға жетеді. 

Камера 

Егер сурет сапасы сізге маңызды болса, бірінші кезекте мегапиксельге емес, камераның жарықсезгіштік (f/x) қасиетіне назар аудару керек. Неғұрлым аз болса, соғұрлым сапалы.

Massaget.kz