Компьютер алдында миллиондаған адам күнделікті отырып жұмыс жасайды. Денсаулыққа кері әсерін біле отырып, амалсыздан көнеміз. Ал Active Desk құрастырушылары отырып жұмыс жасайтын адамдарға керемет ұсыныс жасады. Ол – кеңселік веложаттықтырғыш.
Джим Мартин жасаған стол адамға күніне 300-ден 800-ге дейін каллорий жұмсайды.
Юта университеті Денсаулық колледжінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті Джим бұған сенімді.
Қазіргі уақытта Мартин вело-столды RocketHub интернет бетінде сату мәселесімен айналысып жатыр. Оның құны – 2 000 доллар.
Айта кету керек, толық күнді отырып өткізу адамның денсаулығын құртады. Медицина ғылымдарының докторы Джеймс А. Левиннің айтуы бойынша, компьютер немесе теледидар алдында 4 сағаттан астам уақыт отыратын адамдардың біразы жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: hitech.vesti.ru