- Негізгі бет
- Шолу
- Арықтаудың тағы бір...
Арықтаудың тағы бір жолы
Сүйінші! Әлемде арықтаудың тағы бір жолы табылды. Жапон елінде Токио университетінің ғылымдары арықтауға септігін тигізетін жаңа көзілдірік жасап шығарды. Жаңа көзілдірікті киген адам өз тәрелкесіндегі асты екі есе көп қылып көреді.
Мұндай көзілдіріктер астың мөлшерін жартылай ұлғайтып немесе кішірейте алады, сонымен қатар қолданушылардың айналасы мен қолдарын қалыпты күйде көрсетеді. Сөйтіп, адам аз тамақтанып, нәтижесінде аза бастайды.
Қазір ғажап көзілдірік өнертабысының иесі профессор Мичитака Хиросэ мен оның командасы көзілдіріктің сыртқы көрінісін одан әрі жетілдірумен айналысуда. Яғни көзілдірікті ықшам да тартымды қылып жасау үстінде.
Өткізілген тәжірибе нәтижесі бойынша, аталған көзілдіріктің арқасында адамдар әдеттегі тамақтануға қарағанда 10 пайызға кем ас ішкен. Тәжірибе жүргізілетін адам тәтті печеньені 9,3 пайызға аз жеген. Өз кезегінде көзілдірік суреті 33 пайызға кішірейтілгенде, адамдар печеньені 15 пайызға көбірек жеген болып шықты.
Жапондықтар бұл өнертабыс АҚШ пен Батыс Еуропа халқына өте қажетті, себебі Жапония елінде семіздік проблемасы туындай қойған жоқ дейді.
Сурет: mirfactov.com