"АрселорМиттал Теміртау" ЖЭО-да 36 жастағы жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқыс оқиға 16 маусымда №7 қазандықты монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде болған. AB Construction ЖШС-нің 36 жастағы қызметкері биіктен құлап, жарақат алып, қаза тапқан.
"Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. AB Construction компаниясының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді мердігер компания қызметкері.
Айта кетейік, биыл 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында ТЖ салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған еді. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия тексереді.