- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Арнайы әйелдерге арналған...
Арнайы әйелдерге арналған көліктер бар ма?
Көлік өндірісі енді қолға алына бастаған кезде әйелдің көлікті басқаруға отыруы өте сирек кездесетін. Ал қазіргі заманауи қыз-келіншектер көлікпен серуендеу үшін биік өкшелі аяқ киімдерін тастауға да дайын тұрады.
Әйелдің транспорттық қозғалысқа сай емес екені туралы әзіл не шын айтылып жүрген сөздер расында шындыққа келмейді. Себебі жолдағы көлік қақтығысына әйелдерге қарағанда ер адамдар көбірек тап болады екен. Ендеше massaget.kz сайты кыздарға арналған көлік түрлері немесе қай маркалы автолардың қыздар арасында трендте жүріп жатқаны туралы кеңес береді.
Арнайы әйелдерге арналған көліктер бар ма?
Егер ер адамдардың таңдауын талдайтын болсақ, ерлер көліктің көбіне сыртқы бітімі мен қуаттылығына мән береді. Ал көліктің аэрография және жарығындағы жасанды кірпіктер секілді аксессуарлары бар болса ше? Ондай автоны ешбір еркек өзіне сатып ала қоймайтын болар. Себебі олар арнайы әйелдерге арналып ерекше дизайнмен көмкерілген. Оның алып «Хаммер» немесе жол таңдамайтын «Тойота» боларына әйел заты еш маңыздылық танытпайды.
Расында әйелдер көліктің маркасына бас қатырып отырмайды. Оларға «Сваровски» тастарымен өрнектелгендей сәнді дизайнға ие көлік болса болғаны.
Сондықтан нақты әйелдерге арналған көлік деген түсініктің өзі жоқ. Әйелдің кез-келген көлікті сатып алуы үшін авто үш түрлі талапқа сай болуы тиіс. Олар:
- Автомобиль өзге де көліктерден өзін айырып тұратын ерекше пішінге ие болуы керек.
- Автоның көлемі не кішкентай болуы (тұтынушының өз сымбатына сай болуы үшін), не тым үлкен болуы маңызды (нәзік бойына алып антитеңеу болуы үшін).
- Көліктің түсі ашық және көзтартқыш болуы тиіс. Көп қыздарға «қара металлик» және «мурена» секілді түстер ұнайды.
Ерлер аталған талғамдық талаптарды ең негізгілері деп санайды. Себебі кейде талғамның тым күрделі болуы да әбден мүмкін. Ал қалған мәселе көліктің құны мен жеке бейімді мақсаттарына тәуелді болады.
Расында, қыздарға қандай көліктер ұнайды?
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.nephub.com
Ж. Өрісбай