- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Арменияда шенеуніктің туыстары...
Арменияда шенеуніктің туыстары атысты: бір адам қаза тапты
"Азаматтық келісім" фракциясының Парламент депутаты Матевос Асатрянның туыстары мен Арагацотн облысының вице-губернаторы Эдгар Парванянның немере ағасы жастармен жанжалдасып, кейін оларға оқ жаудырған, - деп хабарлайды Shamshyan.com.
Басылым мәліметінше, бұған жастардың елдің премьер-министрі Никол Пашинянды балағаттауы себеп болған. Алайда Армения құқық қорғаушылары қақтығыстың саяси астарын жоққа шығарған.
Апаран қаласының маңындағы ауылда орналасқан ауруханаға жеті адам жеткізілген, олардың біреуі есін жимай, қайтыс болған. Жаралылар Ереванға жеткізілді.
"Кісі өлтіру" және "Қаруды заңсыз сақтау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция мен тергеу басқармасы қаза тапқандар мен жараланғандардың жеке басын анықтап жатыр.
Gazeta мәліметінше, Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы директоры Артур Ванецян әлеуметтік желілерде жараланғандардың бірі ҰҚК Шекара әскерінің қызметкері екенін жазған. Сонымен қатар, ол екі зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр екенін айтқан.