- Негізгі бет
- Шолу
- Әрбір екінші қазақстандық...
Әрбір екінші қазақстандық ескі операциялық жүйелерді пайдаланады
Қазақстанда әрбір екінші компьютер қолданушысы ескі операциялық жүйелерді пайдаланады. Бұл туралы "Касперский Зертханасының" бас маманы Сергей Голованов айтты. "Қазақстандағы операциялық жүйелердің жартысы ескі. Яғни, көп жұрт бұл тұрғыда жаңаруға құлықты емес", - деп сұхбат берді маман «Интерфакс-Қазақстанға».
Голованов мырза, сонымен қатар, қазақстандықтардың жалған сайттардың шабуылына жиі ұшырайтындығын айтты. "Бұл көрсеткіш әр қалада әр түрлі. Ресейге жақындаған сайын халық сенгішірек. Орташа есеппен алғанда елдегі әрбір қолданушыға 7 жалған сайттан келеді. Бұл көрсеткіштің шамасы Ресейде - 8. Украинада - 6,9", - дегенді де қосып айтты Сергей.
Бұлардың ішінде ең кең таралғандары жалған әлеуметтік желілер, түрлі пошталар, Western Union сайттары.
Айта кетелік, елде, сонымен қатар, әрбір екінші дербес компьютер қолданушысы вирустық шабуылға жиі ұшырайтындығын және банктердің ресми сайттарынан жалған сайттарды айыра алмайтындықтарын айтты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: pc-emergency.ru