- Негізгі бет
- Шолу
- Apple Watch ең...
Apple Watch ең үздік «смарт-сағат» деп танылды
Әлемге танымал Time журналы үздік гаджеттердің тізімін жариялады. Британдық басылым 2014 жылдың ең айтулы 25 технология өнімін анықтаған.
Бір қызығы аталған тізімде сатылымға шығып үлгермеген Apple Watch сағаты да бар екен. Ол нарықтағы ең беделді смарт-сағат деп танылыпты.
Расында жазылған ақпаратпен келісетіндер де бар, келіспейтіндер де бар. Себебі Android Wear базасындағы қолға тағатын құрылғылар сатылымда жүрсе де тізімнен табылмады. Apple өніміндегі бар интерфейс өзге сағаттарда да қамтылған. Сонымен қатар, ТОП 25-те Silent Circle компаниясы ұсынған Blackphone өнімі де бар екен. Құрастырушылардың айтуынша, аталған телефон тұтынушының жеке ақпараттарын сақтай алатын бірден-бір аппарат. Тіпті кез-келген хабарлама мен қоңырау процесін бірден анықтай алады екен.
Blackphone смартфоны
Одан бөлек, тізімдегі назар аударатын гаджеттердің тағы бірі Microsoft Surface Pro 3 планшеті болып отыр. Британдық тілшілердің аталған планшетте тапқан артықшылығы жаңа Windows 8.1 жедел жүйесі болса керек. Дегенмен, Microsoft өнімі өткен маусымдық нарықта үздік нәтиже көрсете алмағаны белгілі.
Microsoft Surface Pro 3 ноутбук-планшеті
Техно мамандары британдық журналдың өзінің әлемдік абыройын ескере отырып, осындай тізімді жариялағанын айтады. Мүмкін бұл да бір жарнаманың түрі шығар.
Сіздің ойыңызша биылғы гаджеттердің қайсысы үздік болуға лайық?
Ж. Өрісбай