Нью-Йорк қаласының тұрғыны Шибани Бхуиле есімді азаматша 2011 жылы желтоқсанда iPhone 4s телефонын сатып алғанын, 2013 жылы 2 ақпанда телефонның батареясы еріп, ондағы қышқыл сұйықтығынан қолын зақымдап алғанын айтқан. Ол iPhone дүкендерінен төлем төлеуді немесе телефонды ауыстырып беруді сұрағанда, компания бұдан бас тартқан.
Компания бұл кілтипанды өз мойнына алмай отыр. Дегенмен, осы түрдегі өнімдерден осы тектес мәселенің туындауы бірінші рет емес екен.
Америкадағы бір өрт сөндіруші осыдан біраз уақыт бұрын туылған бір өрт оқиғасының себебін түсіндіре отырып, Аpple компьютерінің батареясы төсек жапқышқа түсіп кеткендіктен, өрт шыққан деген болатын.
Шибани Бхуиле
Ал 2011 жылы Австралияға бағытталған жолаушылар ұшағының ұшақ бөлмесінде ыс-түтек пайда болып, жолаушылардың шұғыл жағдайға өтіп, алаңдаушылық тудырғаны белгілі. Кейіннен бұл күйген газ исінің iPhone 4 телефонының батареясынан шыққаны анықталған.
Тәуелсіз Ponemon Institute атты ұйым 31 қаңтар күні Apple өнімдеріне сенім төмендей бастағанын айтып, дабыл қаққан болатын. Онсыз да сатылым мөлшері күн сайын құлдырап бара жатқан iPhone телефондары шынымен-ақ сапасыз ба?
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: in2eastafrica.net