Apple iPad 2

Apple iPad 2

Apple Ipad 2-де ескісімен салыстырғанда не жаңалықтар бар? Бірге үңіліп көрейік. Бірінші көзге түсетіні: жаңартылған дизайн, кішігірім өлшем. Назарың бірден  құрылғының екі жағында орналасқан камераларға ауады. Егер техникалық сипаттамаларға көңіл бөлсек, жаңа екі ядролы ARM Apple A5 процессоры  (0,9-1 Ггц жиілікте жұмыс істеп, графикалық жүйенің жұмысын жақсартады) мен 512 Мб-қа дейін өскен оперативті жадыны көреміз.  Одан әрі тереңірек қарастырсақ, жаңартылған  iOS 4.3 операционды жүйесін байқаймыз. (Ол туралы төменде бөлек әңгімелейміз). Сондай-ақ, Apple Ipad 2-де  үш позициялы гироскоп пен  бағасы өте қымбат HDMI тіркеуші өз орындарын тапқан. Бар айырмашылық осы ғана.

   Техникалық сипаттамалары: 

ОЖ: iOS 4.3

Процессор:  Apple dual core A5, 0.9-1 Ггц

Жады: 16/32/64 Гб

Оперативті жады: 512 Мб

Дисплей: 9,7", 1024 x 768, IPS

Сымсыз байланыс:  UMTS/HSDPA/HSUPA (850, 900, 1900, 2100 MHz); GSM/EDGE (850, 900, 1800, 1900 MHz), Wi-Fi 802.11b/g/n, Bluetooth

Тіркеуіштер:  Dock, 3,5-мм, HDMI

Камера: 720р форматында бейне жазу

Жұмыс уақыты: жұмыс істеу режимінде 10 сағатқа дейін, күту режимінде 1 айға дейін

Өлшемі:  241,1 x 185,7 x 8,8 мм

Салмағы: 601 г

Жинақталуы:

 Өлшемнен басқа өзгертулер тізіміне қораптағы жаңа суретті де жатқызуға болады. Жинақталу Apple құрылғыларына сәйкес – желілік адаптер мен (еуропалық тіркеуіш) байланыс сымнан басқа ештеңе жоқ! Тоқтай тұрыңыз. Тағы пайдалану нұсқауы мен кішкентай «конверт» бар. (Егер ол 3G үлгісі болса).

 

  Конверт ішінде құрылғының ең қымбаты - арнайы скрепка бар. Оның функциясы – SIM картаны орнату үшін разьемді ашу. Сондықтан оны сақтау керек – барлық  Apple-аксессуарлары сияқты оның бағасы 30 доллар болмаса, қарапайым скрепканы қолдана алмайсыз.

 

Сыртқы көрінісі

 Жұмыс барысында қолданушы уақыттың біраз бөлігін “бетіне” қараумен өткізеді – берілген жағдайда бірінші «айпадпен» салыстырғанда, еш өзгертулер жоқ сияқты. Алдыңғы жағында камера орналасқан, (640х480@30;FaceTime-да сөйлесулер үшін, айна функциясы) бұрыштардың формасы да сәл өзгерді. (Бәлкім, ескі экрандық қаптар сәйкес келмеу үшін)  Home пернесі де жұмсарған сияқты. Дисплей шетіндегі рамалар екі түсті: ақ, қара.

Экран жылтыр және алдыңғы «айпадтағыдай» тез сырылып қалады, бұл  жағдай арнайы қапты жабыстырумен шешіледі. (Бізде ол 5000 теңге тұрса, оларда 3 доллар). Экрандағы бейне көз тартарлық – IPS матрицаның еңбегі. Диагоналі 9.7” cәйкесінше (132 dpi).

 

Артқы жағында да өзгертулер көп емес. Бүтін металдан (алюминий) жасалған, қара жылтыр алмасы бар корпустың жоғарғы жағында резеңкеден жасалған (егер ол 3G үлгісі) бөлігі бар.

 

Бұрын шеттерінің формалары тікбұрышты болса, қазір олар дөңгеленіп жасалған. Бір айта кетерлік жайт – артқы жағына қорғаныс қабын  жабыстыру қиынға соғады.

Қосылу пернесі де артқы жаққа көшті. Кұлақшындарға арналған тіркеуіш (3.5мм), қоректендіру мен синхронизация тіркеуіштері, камера бәрі де артқы жақта орналасқан. Назар аудара қоймаған оқырмандардың естеріне сала кетейік, мұнда әлі күнге дейін ешқандай USB тіркеуіштері жоқ. 

 

Құрылғының оң жағында дауысты реттеу мен экранды блоктау пернесі бар. Ол функцияны OS 4.2-де неге алып тастағаны түсініксіз.

Сол жағында 3G үлгісінде SIM карта орнатуға арналған арнайы орын бар. Ол металдан жасалғандықтан кенеттен ашылып кетпейді. Оның ішінде AT&T компаниясының микросимкартасы орнатылған. Құрылғының «ақ» екенін білдіреді.

 

Жасалу, жинақталуы сапасынан IPad-2-ге бәсекелесетін ештеңе жоқ деп айтуға негіз бар. Көлемі жағынан ол біріншісіне қарағанда кішірейген. Қалыңдығы бар-жоғы 8.8 мм, iPhone 4-ке қарағанда жұқа, массасы да азайған – 600 грамм. Біріншісі 100 грамға ауыр болатын, қолға алған кезде оның толыққанды компьютер екені күмән тудыратын. Тағы бір таңғалдыратыны – әңгімемізге арқау болған құрылғы автономды тәртіпте 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады.

IOS 4.3

Басында айтылғандай iPad 2 iOS 4.3 операционды жүйенің жаңа версиясымен жабдықталады. Ол басқа да құрылғыларға қолжетімді - iPhone 4, 3GS, iPod Touch 3G/4G  және iPad. Жаңартулар аз, бірақ олар бар. Бір сөзбен атап кетсек: Safari браузері  Nitro JavaScript негізінде жасалғандықтан, интернет-сайттар екі есе жылдам жүктеледі. iTunes Home Sharing функциясы арқылы стационарлы компьютердегі барлық iTunes ақпаратына Wi-Fi модулі көмегімен  қол жеткізуге болады. AirPlay жаңартылған версиясының көмегімен аудио, видео ақпаратты таратуға болады. Барлық программалардың тезәрекеттілігі қолданушыны қуантады деп ойлаймыз. Жаңалықтар осы, қалғаны баяғы Ipad-тағы функциялар.

Smart Cover

 Жаңа планшет жоғарыда айтылғандай көлемі жағынан пішінін өзгерткен. Сондықтан бұрын жасалған қорғаныс қаптар мен чехолдар Ipad 2-ге сәйкес келмейді. Оған тек Apple өзінің жоғары технологиялы Smart Cover қабымен дайын болған, бағасы 39-79 доллар шамасында. Осындай аксессуар үшін ақша аямайтын жандар көп екен.

Планшет қабынан не күтуге болады? Дәлірек айтқанда, бір бетін ғана жауып тұратын қап. «Қап» - параллель орналасқан 4 пластинадан тұрады. Ол  түрлі- түсті болады. Бір жағынан өте қызық механизм орналасқан, оның көмегімен қапты 360 градусқа айналдырып, өзгертуге мүмкіндік береді. Қаптың ішіндегі орналасқан пластинаның арқасында Ipad-ты FaceTime-да сөйлесу үшін тігінен орналастыруға болады. Ең қызығы  Smart Cover-дің жұмысында. Қапты ашқан кезде экран жұмыс істей бастайды, жабу процессінде Ipad 2 жұмыс істеуін тоқтатады. Қызық емес пе? Бұның бәрі қалай жұмыс істейді? Қапта бірнеше магнит пластиналары бар, біреулері планшетті өзіне қарай тартса, екіншілері «ұйықтау» тәртібінің жұмыс істеуін қадағалайды. Ipad 2-нің ішінде де магнит пен арнайы датчик орнатылған, ол экранның жұмыс істеуін қадағалайды.

 Соңғы сөз

Үлгілердің бөлінісі баяғыша – Wi-fi модулі бар планшет (жады көлемі 16/32/64 Гб) және жады көлемі бойынша сондай және оған қоса 3G модулі бар планшет. Бағасы  сәйкесінше $499/599/699 және $629/729/829 құрайды. Жаңа шыққан үлгінің бағасы бірінші Ipad-тікі сияқты. 

Бірінші Ipad-қа қарағанда, соңғы үлгі эволюцияланған секілді. Шыққан нәтижелер қуантарлықтай.

Apple компаниясының жаңа үлгілерін күтеміз.

Суреттер ippadlovers.uvi.com сайтынан алынған