- Негізгі бет
- Шолу
- Apple-дің сәтсіз өнімдері...
Apple-дің сәтсіз өнімдері
Apple – планшет, телефон, компьютер, аудиоплеер, бағдарламалық жабдықтар шығаратын америкалық корпорация. Графикалық интерфейсті, көп қырлы операциялық жүйелер мен дербес компьютер шығаруда көш бастап тұрған компаниялардың бірі. Штаб-пәтері Калифорния штатындағы Купертинода орналасқан. Apple олжалы компания екені бәрімізге мәлім. Бірақ бұл қазіргі жағдайы ғана. Бірден тақыр жерден тау тұрғызыла қойған жоқ. Олардың да алғашқы гаджеттері көбінесе сәтсіз шықты. Бірнеше құрылғысының ғана тізімін ұсынайық.
Apple 3 (1980)
Егер үйіңізге өрт қоятын дербес компьютер іздесеңіз, Apple 3-тен жақсысын таппайсыз. Атақты Apple 2-нің мұрагері өз болжамын ақтап шыға алмады, бұл ең сәтсіз туынды еді.
Apple Newton (1993)
1993 жылы шыққан iPad түпнұсқасы Ньютон деп аталды. Бұл құрылғы қазіргі «барлығы біреуінде» ұғымына сай жасалған. Ол факс жіберуге, электронды хат жолдауға және қабылдауға, тұтынушыларыңыз жөнінде ақпараттарды сақтауға, жазбалар жазуға және басқа да көптеген қызметтерді атқаруға негізделген жылжымалы кеңсе. Бір қарағанда, айтарға сөз жоқ дерсіз. Бірақ мұнымен мәтін тере алмайсыз, қолдануға ыңғайсыз болды, сондықтан қолданысқа енбеді. Оның үстіне құны 1000 долларды құрады. Ол кездегі Америка тұрғындары үшін бұл көп ақша еді.
Macintosh Portable (1989)
Шағын Mac! Ауыспалы мағынасында алып жүруге қолайсыз құрылғы деуге болады. Салмағы 7 кг. Ешқандай сөмкеге сыймайды.
Apple Lisa (1983)
Лиза шын мәнінде, өз заманының барынша жаңашыл өнертабысы болды. Графикалық интерфейспен қамтылған, тінтуір көмегімен басқарылатын, көп қызметті дербес компьютерлердің алғашқылары қатарына жатады. Бірақ бағасы да сондай керемет (10 000 доллар) болды. Бұл қазіргі мөлшермен есептегенде 22 000 долларға жуық.
QuickTake (1994)
QuickTake нарықтағы ең алғашқы цифрлық фотокамералар қатарына кіреді. Apple-дің қайталанбас жол тапқыштығы тұтынушы сұранысын қанағаттандырды. QuickTake камерасы жақсы қолданылды, ол 0,3 мегапиксел ( 1994 жылы бұл нашар көрсеткіш емес). Бағасы да 600 доллардан 750 долларға көтерілді. Алайда заман ағымымен бұл да мазаққа айналды.
Apple Pippin (1996)
"Ойындардың шоғырланған буданы". Мұны тек осылай атауға болады. Apple жапондық алпауыт Bandai-мен бірігіп, осындай ғажайып ойлап шығарды. Ол шамамен Playstation-мен дәуірлес еді. Playstation қарапайым әрі түсінікті болды да, Pippin онымен бәсекелесе алмады.
Apple USB тышқан (1998)
Жалғыз батырма? Адам жалғыз пернемен не істей алады? Әлде бұл бір саусақты адамдарға арналып жасалды ма екен?
20 жылдық құрметіне Macintosh (1997)
Бизнестегі 20 жылдық құрметіне компьютердің делюкс нұсқасын жасап шығару – жақсы идея. Аздаған басқаша дизайнмен жасалып, бірнеше түсініксіз фишкалардан тұратын агрегаттың құны 8000 доллар тұрды.
@. @assel_assanova