- Негізгі бет
- Шолу
- Apple-дің ең сәтсіз...
Apple-дің ең сәтсіз өнімдері
10 қыркүйек күні Apple компаниясы iPhone телефондарының бірден екі жаңа нұсқасын таныстырған болатын: жаңартылған iPhone 5 пен аталған смартфонның бюджеттік нұсқасы. Apple компаниясы пайда болғалы күннен бастап бүгінгі уақытқа дейін көптеген өнімдерді жасап шықты, алайда олардың бәрі сәтті таныла бермеді.
Сонымен, гаджет шығарумен айналысатын әлемнің ірі компаниясы Apple-дің сәтсіз өнімдерімен таныссақ.
G4 Cube – бұл да бір түсініксіз модель. Қомақты сома – мың жарым доллардан аса ақшаға компания тіпті мониторы жоқ компьютер сатпақ болған. Аталған гаджеттің дизайнері Джонатан Ив болыпты. Мас-тың мықты процессоры өте кішкентай көлемдегі кубқа салынған. Оның көлемі небары 8х8х8 дюйм. Құрылғының қарапайым кубтық дизайны Стив Джобсқа қатты ұнаған деседі, сонымен қатар, сыншылар да Apple инженерлерінің өте шағын жерге мықты есептеуіш құрылғыны сыйдырып жібергендеріне қайран қалған. Алайда сатылымдар айтылған мақтауларға сәйкес болмаған. Cube бар болғаны бір жыл ғана шығарылды – 2000-нан 2001-ға дейін, сосын Apple осы модельдің шығарылуын тоқтатқан болатын.
Асқан қымбаттылығы үшін көп сатыла қоймаған өнімдердің бірі iPod Hi-Fi болды. Ол 2006 жылы нарықта iPod жетістігінен соң жарыққа шығады. Apple басшылары iPod-пен бірге қолдануға болатын iPod Hi-Fi акустикалық стереожүйені шығарған. Оның құны 349 долларды құрады. Нәтижесінде жаңа гаджеттің құны өзінің танымалдылығына қарсы келген соң, Apple iPod Hi-Fi-ды өндірістен алып тастаған болатын.
Осы тізімге 2008 жылы таныстырылған тұңғыш MacBook Air де кіріп отыр. Себебі – баяғы сол қымбат баға және CD, DVD-дисководының жоқтығы. Сондықтан басқа компьютерге немесе қосымша дисковод сатып алуға тура келетін. Себебі 2008 жылы Mac App Store әлі пайда болмаған-ды, сондықтан компьютерге арналған бағдарламалық қамсыздандыруды интернеттен жүктеу айтарлықтай оңай болмаған еді. Ал макбуктың сол кездегі құны 1800 долларды құраған болатын.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: vologda.kp.ru
Ж. FM